Психологиялық тренинг«Менің отбасым- сыйластық, жарастық орнаған ортам» » ГККП "Ясли-сад №78". Алатауский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№78 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 395-33-92
Әдіскер:
+7(727) 395-33-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Психологиялық тренинг«Менің отбасым- сыйластық, жарастық орнаған ортам»
25
қыркүйек
2019

Психологиялық тренинг«Менің отбасым- сыйластық, жарастық орнаған ортам»


Психологиялық тренинг«Менің отбасым- сыйластық, жарастық орнаған ортам»

Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімдерін көтеруге көмектесу.

Барысы:Психолог: Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшілігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп,сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік.Отбасы- Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы- адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке- шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата- ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі сабағымызға қатысып отырған ата-аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп балабақшаға келе беріңіздер демекпіз!І. Жаттығу. Есімдер аллитерациясыМақсаты: Тренингке қатысып отырған ата-аналарды таныстыру.Ата-аналарға қойылатын сұрақтар:

  Есіміңіз кім?

  Қандай мағына береді?

  Өз атыңыздың алғашқы әріпінен басталатын бойыңыздағы жақсы қасиетті атап өту.Психолог ата-аналарға арнап сұрақ қояды.Сұрақ: - Сіз қаншалықты өз балаңызды толық қанды, жақсы білесіз?Ата-аналардың жауаптары тыңдалады.Психолог: Олай болса, біз балаларымызды қаншалықты жақсы білетінімізді іс жүзінде тексеріп көрейік.  

Жаттығу. Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Бірнеше берілген отбасылық құндылықтарды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал, бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілген уақыт 7-10 минут.

  Мықты денсаулық

  Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік

  Ауызбіршілік

  Ортақ қызығушылық

  Бір-біріңіздің жұмысына араласпау

  Қамқорлық

  Тәртіп

  Бос уақытыңызды бірге өткізу

  Сенімділік

  Ата-ананың сөзі заң

  Ата-ана отбасының үлгісі

  Әлеуметтік жағдай

  Отбасылық қарым-қатынас

  Махаббат

  Мейірімділік

  Шынайылық

  Сырт көзге үлгі болу

  Береке

  Үлкенге-ізет,кішіге-құрмет

  Көп балаСоңында үлкен бәйтерек ағашы шығу керек. Шыққан суретті қорғап шығамыз.
 
 
 
 
 V. Жаттығу. Медитация. «Өз жұлдызыңызды табыңыз» Әдемі әуен ойнап тұрады.Нұсқау: Жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақын орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін, бұл балалық кездегі сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін, ол сіздің бақытты сәби кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да ол жұлдызыңызға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз.а) ата-ана алдарында жатқан жұлдыздардан өзіне біреуін таңдап аладыә) жұлдыздарға болашақта балаңызды қандай адам ретінде елестететінін жазады.б) тақтаға іледі.

Психолог: Осы сабақтың алдында біз балалармен бірге «Отбасындағы қарым-қатынас» тақырыбында тренинг сабақ өткізген едік. Сол сабақта «Бала сіздерден не күтеді және сізге деген көзқарасы қандай?» сұрақтарына жауап алған едік. Өз балаларыңыздың жүрегін алып, оқысыңыз болады.

VІ.Қорытындылау. «Тілек шоғы»Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

Психологтың қорытынды ардақты ата-аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата-ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу. Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата-ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата-аналар іс-жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат. Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр. Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!