«Менің сүйікті қалам» » ГККП "Ясли-сад №78". Алатауский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№78 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 395-33-92
Әдіскер:
+7(727) 395-33-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Менің сүйікті қалам»
13
қыркүйек
2019

«Менің сүйікті қалам»





«Менің сүйікті қалам» атты Алматы қаласы күніне арналған мерекелік іс-шара



Жүргізуші:  Шырқап көкке аспан-ән,

                       Болашаққа бас қадам.

                       Қазақ рухын биіктет,

                       Алматым менің бас қалам!

Армысыздар құрметті  әріптестер, тәтті бүлдіршіндер! Бүгінгі «Менің сүйікті қалам» атты Алматы қаласы күніне арналған мерекелік  іс-шарамызға қош келдіңіздер! Мереке құтты болсын!

Алматы-менің сүйікті қалам. Әдемі көркімен, жанға жайлы ғимараттарымен есте қалатын алматы, бүгінде әр адамның жүрегінен жылы орын тапқан болар, сірә! Алатауы айқара ашылып қарсы алса, Көктөбесі жайқала жадырап құшақ жаяды.   


 Жүргізуші: 
Қанат жайған көсіле,

                     Алатаудың төсіне.

                     Алматыны атасаң,

                     Алма түсер есіңе деп бақшамыздың мектепке даярлық топтарының қыздарын «Алмтының алмасы» биімен ортамызға шақырайық.

Би: «Алма»


Жүргізуші: Алматы және қала күніне арналған балалардың тақпағын тыңдаңыздар. «Қарлығаш» және «Бәйтерек» топтары 


Жургізуші:  Алматымыз шынында  

                       Алатаудың қырында

                       Әншілердің әнінде

                       Ақындардың жырында

Ән: «Мен алманы жақсы көрем» 


Алматы қаласы туралы слайд және Видое ролик 

Жургізуші: Алматы-әсем қала. Алматы Қазақстанның ең ірі, ең әдемі қаласы. Халқының саны жағынан да ол – Қазақстанның ең ірі шаһары. Алматы-мәдениет пен ғылымның, өнердің орталығы. Қазақ елінің белгілі музейлері мен театрлары, концерт залдары да осы қалада орналасқан. Қала әсем Алатаудың баурайында орналасқан.




                 Түнгі Алматы

Түнгі Алматы тұманы ашылғанда,

Алатауға ай келіп асылғанда

Нұр жанады, аспанның жұлдыздары,

Алматының үстіне шашылған ба?!

Сүйіседі көшелер көшелермен,.

Бір рақат сезесің еселенген.

Осы сиқыр қалада өскеніңмен,

Таңданасың туристей кеше келген.

Емен, терек еркімен қауышады,

Қайың менен қарағаш танысады.

Алатаудан басталған ақ бұлақтар,

Алматыға жеткенше жарысады.

Алматыға жеткенде аң-таң болып,

Арықтармен ақырын тартар жолын.

Ашуланып бір сәтте тұра қалып,

Ағылады аспанға фонтан болып.

Судың аты-су ғой, ол бұғына ма,

Тау бұлағы көлшікке тығыла ма?!

Су сәулеге ұмтылып, сәуле суға,

Айналады ғажайып шұғылаға,

Сонда Алматы ұқсайды Құбылаға.

Ұзатылар қыздайын үлпілдеген,

Шақырасың назыңмен, күлкіңменен...

...Жоқ!

Алматы-жүрегі Алатаудың!

Тау ұйқыға кеткенде бүлкілдеген


Жургізуші:  Алматы аоман қала,

                       Бағы бір жанған қала.

                       Біз оны анамыздай,

                       Сүйеміз шынында да.

Ән: «Жау жау, жаңбыр» 


Жүргізуші: Алматы және қала күніне арналған балалардың тақпағын тыңдаңыздар. «Тұлпар» және «Аққу» топтары 


Жургізуші: Гүлі бар таңда ашылар,

                      Бал-шырын алмасы бар,

                      Бақыттың арнасы бар.

                      Гүл қала, арман қала –деп  бақшамыздың әдемі әсем қыздарын «Гүлдер» биімен қарсы алайық.


Би: «Гүлдер»


Жургізуші: Бір қария Алатау.

                      Неткен сұлу өмір ең!

                      Қарай берем үңіліп.

                      Ғажайып бір мейірмен

                      Келешегің тұр күліп.

                      Жақсы екен ғой Алматым

Алматы – үлкен белестерді бағындырған қала. Табиғаты да өте керемет. Жетісудың еркесіндей елітіп, еркелей түседі. Арманыңды арманға жалғайды. Онсыз да әсем әнмен баурап алатын Алматы, күн өткен сайын құлпыра түскендей. Табиғат – Ананы  естен шығармай жүрсе, нұр үстіне нұр болар еді. Алматы қаласының болашағы – өзіміздің қолымызда.


Алматы қаласының төл мересі құтты болсын!