5.Оқу –тәрбиелік жұмыс
Қазіргі замандағы білім беру сапасы педагог-мамандардың кәсіби шеберліктеріне, тәжірибесі мен біліміне байланысты. Сондықтан мектепке дейінгі мекемеде педагогикалық құрылымның сапасы сұрыпталу бойынша жүргізілінеді. Қызметкердің лауазымдық міндеттері мекеме жарғысымен, мектепке дейінгі мекеме тәртібіне сай нормативтік-құқықтық құжаттармен келісіліп, уақытылы, парасатты, жүйелі іске асырылады. Мектепке дейінгі мекемесінің оқу жоспары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың ережелеріне сай жасалынған. Тәрбиеленушілердің оқу қызметінің ұзақтығы мен жас ерекшелігі ескерілген. Базалық оқу жоспарында әрбір жас кезеңдеріне арналған оқу жүктемесінің шеңбері белгіленген. Оқу қызметінің тиімділігі балалардың жағымды көңіл-күйіне байланысты болады. Оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесі, өтілуі педагогикалық кеңесте, топтық және жалпы ата-аналар жиналыстарында қаралып отырылады.
Ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын дүниетанымы жоғары жан-жақты қалыптасқан қабілетті жеке тұлға тәрбиелеуге, ұлттық тәрбиені ұштастыра отырып, рухани және дене тәрбиесінің жетілуіне педагогтардың тәрбие беруде ықпалы зор.
Тәрбиешілер балаларға берілетін білімнің сапалылығына, меңгеруіне жеңіл де тиімді болуына әртүрлі ойындар, көркем де әдемі көрнекіліктерді таңғажайып сәттерді, көптеген жағдайлар мен жаңашыл тәсілдерді енгізіп, білім алу қажеттілігін ынталандырады.
Оқу-тәрбие жұмысында жеке тұлғаны адамгершілікке, ақыл-ойының және сана сезімінің жетілуіне, рухани байлығын және эстетикалық сезімінің дамуына қор жинақталуына жағдай жасалынған. Көрсетілген мақсатқа жетуде келесі қызмет түрлерін іске асырады:
-балаларды тереңдетілген тұлғалық-бағдарлы тәрбиелеу және оқыту, мектепке дайындау, баланың физиологиялық және психикалық денсаулығын нығайту, түзету және қалыптастыру;
-балаларды жан-жақты дамыту, балалардың қызығушылығы мен ата-аналар балалармен жұмыс істеудің жаңа түрлері мен әдістерін құру және енгізу;
-5-6 жастағы балаларды жалпы орта білім берудің алғашқы сатысына дайындау;
-қызметкерлердің балабақша үшін үлес қосқан еңбектерін марапаттау;
-қызметкерлердің шығармашылық дамуына жағдай жасау;
-қоғамымыздың әрбір мүшесінің құқығын қорғау.
«Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы педагогтарсыз инновациялық экономика құра алмаймыз», -деген еді Н.Ә.Назарбаев. Бүгінгі таңда, еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнымен қамтамасыз ету міндеті тұр. Адам тәрбиелеу – ең қиын да жауапты жұмыс. Сол қиындықты терең сезінетін, үлкен жүректі, ізгі ниетті адам ғана ұстаз бола алады. Ол үшін әрбір ұстаздың бойында терең білім, өз ісіне деген төзімділік, мейірімділік, адамгершілік қасиеттері болу керек.
Балабақшамыздың жеткен жетістіктеріне тоқталар болсақ, 2019 жылы балабақшамыз аудандық музыкалық, Х-шы «Балапан» байқауында «Бас жүлде» иеленгені үшін марапатталды.
2019 жылы «Жаңа ғасыр таланттары – 2019жыл» қалалық Х «Балапан» музыкалық балалар байқауында «Шебер қолдар» номинациясы бойынша «Бас жүлде» иеленгені үшін марапатталды.
2020 жылы аудан аралық «Шексіз талант» шығармашылық фестивалінде «Көркем сөз, театр» номинациясы бойынша 3-орын жүлдесімен марапатталды.
2020 жылы аудан аралық «Шексіз талант» шығармашылық фестивалінде «ЭССЕ» номинациясы бойынша 3-орын жүлдесімен марапатталды.
2020 жылы аудан аралық «Шексіз талант» шығармашылық фестивалінде «Бейнелеу, декоративті-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша 3-орын жүлдесімен марапатталды.
2020 жылы аудан аралық «Шексіз талант» шығармашылық фестивалінде «Хореография» номинациясы бойынша 2-орын жүлдесімен марапатталды.
2021жылы ІІ қалалық «Пай, пай, балақай!» музыкалық-шығармашылық байқауының аудандық кезеңінде «Жезтаңдай әнші» номинациясы бойынша ІІ-орын жүлдесімен марапатталды.
2021жылы ІІ қалалық «Пай, пай, балақай!» музыкалық-шығармашылық байқауының аудандық кезеңінде «Мультфильмді дубляждау» номинациясы бойынша І-орын жүлдесімен марапатталды.
2021жылы ІІ қалалық «Пай, пай, балақай!» музыкалық-шығармашылық байқауының аудандық кезеңінде «Үздік декламатор» номинациясы бойынша ІІІ-орын жүлдесімен марапатталды.
Мектепке дейінгі ұйымда патриоттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлінеді. Жылдық жоспарға байланысты тақырыптық оқу қызметі, әдеби-музыкалық кештер, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күніне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне, «Келді міне, Алтын күз!», «Ана-өмірдің гүлі», «Жарқыра жасыл шырша», «Қош келдің, әз-Наурыз!» «Желбіре, Жеңіс жалауы» сияқты мерекелік ертеңгіліктер өткізіліп тұрады. Осы іс-шараларға байланысты көрмелер, ардагерлермен, қарттармен кездесулер, байқаулар және жанұялық жарыстар өткізіледі. Осы жұмыстардың барлығына балалар, педагогтар, ата-аналар белсенді қатысады. Жыл бойы ата-аналар мектепке дейінгі ұйымдарда болып жатқан мерекелерге, ойын-сауықтарға, жарыстарға өз ықыластарымен белсене қатысады.
Балаларды мектепке дайындау сапасы
Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр. Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың негіздемесі: балалардың білуге деген құмарлығын дамыту; балалардың өздігінен шығармашылық жұмыстапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту; балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған шығармашылық қиялын дамыту; тілдік қарым-қатынасын дамыту (құрбы-құрдастарымен, ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу ).
Қатысу-спорттық сауықтыру кеңесінің негізгі функциялары:
- Дене тәрбиесі бағдарламасының инвариантты және вариантты бөлімдерін сапалы іске асырып келеді.
- Балалардың физикалық дамуының мониторингіжүргізіледі.
- Балалардың дене дамуындағы ауытқуларды болжау, қалпына келтіру шаралары іске асырылады.
- Балалардың санасында салауатты өмір салты жайлы түсінікті қалыптастыра отырып, балабақша қызмткерлерімен ата-аналары арасында тығыз байланыс орнатылады.
- Балалардың тамақтануына үлкен көңіл бөлінеді. Күнделікті тамаққа көкөністер, сүтті, балық тағамдары, тәтті тоқаштар, ірімшік, сапалы балғын жемістер, шырындар мен сусындар беріледі.
- Мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігі мен педагогикалық ұжымы білім аймағында мемлекеттік саясатты ұстанады. ҚР мемлекеттік жалпыға білім беру стандартын басшылыққа алады.
Балабақшада балалар денсаулығын жақсарту шаралары
Балабақшада балалар денсаулығын жақсарту үшін төмендегі әр түрлі кешенді іс-шаралар жүргізіледі:
- Иодтық тапшылықтың алдын-алу шаралары үнемі және жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
- Тұмаудың алдын-алу шаралары: оксалиндік жақпа майы, лимон сусыны, пияз, сарымсақ алқасы.
- Балалар денсаулығын жақсарту бойынша медициналық алдын-алу кеңесінің жүйелі жұмысы бала денсаулығының күшеюіне ықпал жасайды, әсіресе жиі ауыратын балалар тобымен жүргізілген жұмыс нәтижесін айта кету керек.
Науқастану және қатысу қорытындысы
| Оқу жылы |
2019 | 2020 | 2021 |
саны | саны | саны |
Орындалған күндер | 76959 | 41221 | 57610 |
Науқастық күндер | 4300 | 2210 | 1710 |
Суық тиіп ауырған балалар | 2150 | 1105 | 855 |
Жалпы науқас көрсеткіші | 2150 | 1105 | 855 |
Аурудың пайыздық көрсеткіші | 9% | 4% | 3% |
Суық тиген аурулар көрсеткіші

Қатысу көрсеткіші
Келесі мазмұнға өту үшін мынаны басыңыз: 6. Оқу-материалдық активтер