Өзіндік бағалау нәтижелерін қорытындылау
Балабақша бойынша білім мен тәрбие беру жүйесінің оның сапасын арттыруға бағытталған динамикалық өзгерістерді бақылауға болады. Бұл педагогтардың интеллектуалдық жағынан даму және баланың батыл, өз ойын толық жеткізе алатын, жайдары, кішіпейіл, ақылды, парасатты, білімді болып өсуінің негізгі көрсеткіштерінен, бағытталған мүмкіндіктер барысында тұрады:
-педагогтың білім, іскерлік дағдыларының негізгі деңгейін игеруде балаларға қоятын талабын жасына қарай және жеке мүмкіндіктерін ескеріп, көлемін ұлғайтып ұйымдастыруға жағдай жасау;
-толық кеңістікті құрып, баланың жеке дамуына кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз ету, баланың сөйлеуін, сауат ашу негіздерін меңгерту, денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін дамыту, салауатты өмір салты құндылықтарын қалыптастыру;
-өз мүмкіндіктеріміздің күшіне сәйкес таңдаған жолдан, қойылған мақсаттан тайынбауға тырысамыз. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытудың стратегияларын жасауға барлық күш-жігерімізді біріктіру қажеттілігін арттырудамыз. Осылайша, балабақша қызметінің мақсатына қол жеткізу барысында ұжымдық жұмыстардың тәжірибесі балабақшадағы педагогикалық прцестерге қорытынды жүргізуге, оның нәтижелерін алдағы жүргізілетін жұмыстарды іске асыруға, қойылған мақсаттарға жетуге үлкен септігін тигізеді деп білеміз.
Балабақша мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда мемлекеттік жалпы міндетті стандартының талаптарына сай екендігін көрсетті.
Шешім:
Аттестаттау комиссиясы жұмыстардың нәтижесі мен қорытындысын талқылай келе ұсыныстар берілді:
-«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын бекіту туралы»
(ҚР БҒМ 2018 жылғы қазандағы №604 бұйрығын) орындау бағыттарын жалғастыру;
-Ұйымдастырылған оқу қызметі жаңа инновациялық технологияларды кеңінен пайдалану;
-Әдіскер жас маман педагогтарға циклограмманы жазуға және мониторинг жұмыстарын дұрыс жүргізуге кеңестер өткізу;
-Оқу қызметін ұйымдастыруда педагогтар тәрбиелеу- білім беру процесінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда дамыту моделін белсенді пайдалану;
-ҚР-ның «Білім туралы» Заңына сәйкес педагог мамандарды өз уақытылы курстық дайындықтардан өткізу.
Балабақша мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда мемлекеттік жалпы міндетті стандартының талаптарына сай екендігін көрсетті.
Келесі қосымшаға өту үшін мынаны басыңыз: 1-Қосымша