1.Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы » ГККП "Ясли-сад №78". Алатауский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№78 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 395-33-92
Әдіскер:
+7(727) 395-33-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» 1.Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы

1.Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы



  1. Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы
   №78 бөбекжай-балабақшада  өзіндік   бағалау  желтоқсан  айында өтті. Алматы қаласы, Алатау ауданы   Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны  №78 бөбекжай-балабақшасы  2014 жылдан бастап жұмыс істейді.
Ғимарат түрі - 2 қабатты.
Жер көлемі - – 5661,6 м2
Ғимарат көлемі -2184,6м2
Жоба қуаттылығы – 395 орын.
Оқыту тілі – қазақша
Білім мекемесінің аттестациядан өтетін жылы-2022 жыл. Қазіргі таңда балабақшада 16 топ  жұмыс істейді. Барлығы бюджеттік есептегі топ. Тізім бойынша-395 бала тәрбиеленуде. Әр топ балалардың жас ерекшелігіне сәйкес топтастырылған.
Балабақшаның жұмыс уақыты: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері - сағат 8:00-ден 18:30-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Балалар үшін ән-күй, дене шынықтыру залы, медициналық кабинет, әдістемелік кабинет, психология кабинеті, логопед кабинеті, өзін-өзі тану кабинеті, ашық спорт алаңы, баланың жас ерекшелігіне, заман талабына сай жабдықталған топтар бар. Сондай-ақ асхана, тамақтану, кір жуатын, кір үтіктейтін бөлмелері жыл бойы қызмет көрсетеді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  17.08.2017 жылғы № 615 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар» бойынша санитарлық қағидалары мен нормаларына сәйкес, балабақша ауласында балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған серуен алаңдары бар. Педагогикалық ұжымы  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (2018 жылғы 31 қазандағы № 604 ҚРҮҚ), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына )ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы № 391 бұйрығына 1-қосымша), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы)        сәйкес ұйымдастырылды. 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны:
-өтпелі тақырыптар негізінде құрастырылған перспективалық жоспар:
-Апталық циклограмма:
- Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру процесінің тиімділігі, сондай- ақ     баланың даму динамикасы туралы ақпарат алу үшін диагностика негізінде Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру бойынша 
мониторинг жүргізіледі (бастапқы қыркүйек айында, аралық-қаңтарда            және қорытынды-мамыр айында).
Балабақшада халық педагогикасы элементтерін ұлттық тәрбие мен жүйелі түрде кеңінен пайдаланады. Халқымыздың ауыз әдебиетін, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін өндіре отырып, имандылық, әдептілік, елді, жерді сүю, ата-ананы сыйлау т.б халқымызға тән адамгершілікке тәрбиелеу барысында жұмыс жүргізіледі.
   Балалардың ойлау қабілетін, шығармашылығын жан-жақты дамыту үшін психологиялық тренингтер, релаксация,  жобалау, әңгімелесу әдістері қолданылады. Оқу-тәрбие жұмыстарында алгоритм кестесі, жеке және дербес жұмыстар, интерактивті оқыту шараларын пайдаланып отырамыз. Балалар үшін оқулықтар, дидактикалық құралдар жеткілікті. Дамытушы ойындар, дидактикалық, мазмұнды-рөлдік ойындары, қимылды, ұлттық ойындар арқылы балалардың қызығушылығын, шығармашылығын дамытамыз. Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық микроклимат құру үшін көгалдандырылып, гүлді алаңқайлар, бұталар, отырғызылған. Балабақшаның медициналық бөлмесі керекті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қызмет көрсету сапасы жоғары дәрежеде. Балабақшада тазалық- гигиеналық тәртіп сақтау жолы өте жақсы жолға қойылған. Күн тәртібі және балалардың тамақтану барысы үнемі сақталған. Жұқпалы аурулардан сақтану, болдырмау шаралары және сауықтыру-шынықтыру жұмысы жоспарлы жүргізілуде. Емдік жұмыстары дәрігердің нұсқауымен жүргізіледі. 
   Балалармен оксалин майын мұрынға жағу, нәрлеу мен жеміс-жидек шырындарын беру үнемі жүргізіліп тұрады. Жыл бойы «С» витамині тағамға қосылып беріледі. Балабақша медбикесі шынығу жұмыстары бойынша бақылау жүргізіп отырады. Ата-аналарға да пайдалы кеңестер беріп тұрады. Балабақша қызметкерлерін үнемі, уақытылы медициналық тексеруден өткізіп отырады.
Балалар балабақшаға төмендегі құжаттар бойынша қабылданады.

Балалардың жеке құжаттары:
1. Бала денсаулығының паспорты;
2. № 63 түрі;
        3. № 26 түрі;
4. Балабақшаға жолдамалары;
5. Туу туралы куәліктің көшірмесі;
6. Ата-аналарының жеке куәлік көшірмесі;
7. Ата-аналармен келісім шарты.
8. Ата-аналарының жұмыс орнынан анықтама (көп балалы, әскери қызметкерлер)
Балабақшадағы оқу тәрбие жұмысын жақсартуда педагогикалық кеңестер, семинарлар өткізіліп тұрады. Жас мамандармен кеңестерді жан-жақты қызықты өткізумен қатар заман талабына сай құнды пікірлер беріліп отырады.  Педагогтармен әдістемелік жұмыстың әртүрлі формалары (кәсіби конкурстар, байқаулар, біліктілік көрмелер)  ұйымдастырылып тұрады. Оқу қызметінде  мультимедия, бейнематериалдар қолданылады. Балабақша ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Балабақша психологы жас ата-аналарға арналған әр түрлі іс-шаралар жүргізеді. Ата-аналармен бірігіп әртүрлі спорттық мерекелер, көрмелер, ұйымдастырылып тұрады.  Жоғарғы топ тәрбиешілері «өзін-өзі тану» оқу қызметін арнайы жабдықталған бөлмеде өтеді. Топтар заман талабына сай ақпараттық технологиялармен, әдістемелік кітаптармен және ойыншықтармен жабдықталған.
Ата-аналармен, тәрбиешілермен, балалармен балабақша психологы жылдық жоспар бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп отырады. Балалармен психодиагностикалық ойындар, жаттығулар, тренингтер, мониторинг жүргізіліп тұрады. Ата-аналарға кеңестер беріліп отырады. 
Балабақша қажетті мамандармен қамтылған. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдарда төмендегідей құжаттарды талап етіледі.

Қызметкерлердің құжаттары:
  1. Еңбек келісім шарты;
  2. Еңбек кітапшасы;
  3. Жеке тұлға қағазы;
  4. Диплом көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
  5. Жеке куәлік көшірмесі;
  6. Санитарлық кітапшасы;
  7. Сотталмағаны туралы анықтама.
  8. Дәрігерлік-әлеуметтік саулық наркологиялық орталықтан анықтама
  9. Психикалық сауықтыру орталығынан анықтама
  10.  Зейнетақымен қамсызданумен келісім шарт (көшірме)
  11.  Мекен-жай туралы анықтама
      Сондай-ақ балабақшада ата-аналармен мектепке дейінгі мекеме арасында төлемақыға байланысты келісім-шарт жасалынған. Келісім-шарттың мақсаты: ата-аналармен «№78 бөбекжай-балабақша»  арасындағы байланысты анықтайды және балаларды тәрбиелеу, оқыту, денсаулығын қадағалап отыруды реттейді.
 ҚР Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жалпыға міндетті стандартын, «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңды және КМҚК Жарғысын басшылыққа ала отырып, бір жағынан №78 бөбекжай-балабақша меңгерушісі, екінші жағынан ата-ана осы келісім шартқа қол қояды.

Келісім-шарт төмендегідей бөлімдерді құрайды:

1. Жалпыға жағдай;
1. Келісім шарт мәні;
2. МДҰ құқықтары мен міндеттері;
3. Отбасының құқықтары мен міндеттері;
4. Төлемақы тәртібі мен мөлшері:
  • Мемлекеттік қазыналық топтарда бір айлық төлем ақы – 18900  (он сегіз мың тоғыз жүз) тенге.
        «№78 бөбекжай-балабақшасы» ұжымының жеке іс-топтамасында барлық      қажетті құжаттар (жеке іс-қағазы фотосуретімен, өмірбаяны, диплом көшірмесі, еңбек шарты, біліктілік дәрежесінің куәлігі, жеке куәлігінің көшірмесі,   дәрігерлік-әлеуметтік саулық наркологиялық орталықтан анықтама, психикалық сауықтыру орталығынан анықтама, зейнетақымен қамсызданумен келісім шарт (көшірме), мекен-жай туралы анықтама, зейнетақы қорымен түзілген шарт, біліктіліктерін көтеру курстарынан өту куәліктері) жинақталған. Тәрбиешілердің және қызметкерлердің жеке еңбек кітапшасы мен жеке іс-құжаттары арнайы орында сақталады. Балабақшаның барлық қызметкерлерімен әр уақытта техникалық қауіпсіздік жөнінде нұсқаулар өткізіліп, тиісті нұсқаулық журналдарына тіркеліп отырады. Балабақшаның қызметкерлері өздерінің лауазымдық міндеттерімен және мекеменің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырылған. Педагог мамандарды тіркеп отыратын кітап және бұйрық кітабы бар. Бұйрық кітабы мемлекеттік қазақ тілінде жүргізіледі. Құжаттарды тіркеу және қайтарып беру жұмыстары қатаң түрде жүргізіліп отырады. Мамандарды толықтыру, сапалық құрамының құжаттары мен сандық құрамына талдау жұмыстары жүргізілуде. Мектепке дейінгі ұжым педагогикалық мамандармен толық қамтылған. Өзіндік бағалау барысында мекеменің ішкі тәртібінің іс-әрекеттерін анықтайтын құрылтайшы құжаттардың бар екендігі тексерілді.

Мектепке дейінгі мекеменің ішкі тәртібін реттеуші төлқұжаттары:
  • Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, Алматы қаласының Әділет Департаменті, тіркеу №1283-1910-03-ГУ Алматы қаласы 05.11.2014 жыл;
  • Бизнес сәйкестендіру (БСН): №141140003692 
  • Алматы қаласы Білім басқармасының «№78 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК-ның Жарғысы  БСН 141140003692  тіркелген күні 05.11.2014 жыл, Алматы қаласы Әкімдігінің 14.09.2014  жылғы № 3/410-4525 қаулысымен бекітілді;
  • Техникалық төлқұжат № 7/14370, 03.09.2014жыл;
  • Тұрақты жер пайдалану құқығы, кадастрлық № 20:321:033:319
  • Мемлекеттік білім беру және мемлекеттік медициналық қызметпен лицензия, берілген күні 26.02.2016 жыл, лицензияның № 16003856 әрекет мерзімі – шектеусіз.
Мекеме атауы
Мекен-жайы
Телефондары
Пошталық индексі
Мектепке дейінгі ұйым басшысының аты-жөні
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
«№78 бөбекжай- балабақша»
Алатау ауданы,                       Саялы ықшам  ауданы
Аққайнар -5
8-727-385-33-92
Факс: 385-33-92
kqkp78@bk.ru
050047
Исаева Светлана Султанбековна


Келесі мазмұнға өту үшін мынаны басыңыз: 2. Мамандар құрамын талдау