«Отбасындағы және МДҰ 1-2 жастағы балалардың қауіпсіздігі» » ГККП "Ясли-сад №78". Алатауский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№78 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 395-33-92
Әдіскер:
+7(727) 395-33-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Отбасындағы және МДҰ 1-2 жастағы балалардың қауіпсіздігі»
17
қазан
2025

«Отбасындағы және МДҰ 1-2 жастағы балалардың қауіпсіздігі»

Тақырыбы: «Отбасындағы және МДҰ 1-2 жастағы балалардың қауіпсіздігі»
Өткізілген мерзімі: 2025 жылғы қазан айы
 Өткізілген орны: КМҚК «№78 бөбекжай-балабақшасы»
жанындағы консультативтік пункт
 Жауапты тұлға: Тәрбиеші: Романова Б.К
   Баланың қауіпсіздігі – ата-ана мен мектепке дейінгі ұйымның ортақ жауапкершілігі. Әсіресе, 1-2 жастағы бүлдіршіндер қауіп-қатерді өз бетінше бағалай алмайды, сондықтан олардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін отбасы мен балабақшада қауіпсіз орта қалыптастыру маңызды міндет болып табылады.
Қазан айында консультативтік пункт аясында ата-аналар мен педагогтерге арналған әңгімелесу, ұсыныстар мен практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – отбасындағы тәрбиенің маңызын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және балаға деген жылы қарым-қатынасты нығайту.Тәрбиеші ата-аналарға үй жағдайында балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастырудың қарапайым, бірақ маңызды қағидаларын түсіндірді:
       Үйдегі қауіпті заттарды (пышақ, ине, дәрі-дәрмек, тұрмыстық химия) балалардың қолы жетпейтін жерге қою; Электр құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтау;
       Баланы сыртта серуендеткенде жолда жүру ережелерін үйрету;
Үй жануарларымен қарым-қатынаста сақтыққа тәрбиелеу.
Практикалық сабақ барысында тәрбиеші ата-аналарға қауіпсіздік ережелерін балаларға ойын арқылы түсіндіру жолдарын көрсетті.
       Мектеп жасына дейінгі баланың қауіпсіздігін қалай тиімді қамтамасыз етуге болады? Бұл бөлімде ата-аналарға баланың күнделікті режимін дұрыс ұйымдастырудың қауіпсіздікпен тікелей байланысты екені түсіндірілді. Мысалы:
Балаға уақытылы тамақ беру – оның денсаулығын нығайтады;
Таза ауадағы серуен – иммунитетті көтереді;
       Ұйқы режимін сақтау – жүйке жүйесін тынықтырады.
Сонымен қатар ата-аналарға «қауіпсіз үй» бұрышы туралы ұсыныс берілді: балаға арналған төсеніш, жұмсақ ойыншықтар, қауіпті бұрыштардан алыс ойын алаңы.
 Мектеп жасына дейінгі баланың қауіпсіздігіне кім жауап береді? Әңгімелесу барысында тәрбиеші ата-аналарға мына қағиданы жеткізді: «Бала – отбасы мен балабақшаның ортақ аманаты».
Отбасында – ата-ана;
Балабақшада – педагог, тәрбиеші және қызметкерлер;
Қоғамда – әрбір ересек азамат.
Ата-аналарға баланың қауіпсіздігі үшін жауапкершіліктің бірлескен түрде атқарылатыны түсіндірілді. «Отбасы – тәрбиенің негізі» дөңгелек үстелі Бұл іс-шарада тәрбиеші ата-аналармен отбасылық құндылықтарды сақтау, бірлескен іс-әрекеттерді дамыту жайлы пікір алмасты.
       Баламен жылы сөйлесу, еркелету, сүйіспеншілік таныту – оның психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; Отбасындағы бірлік пен ынтымақ – балаға үлгі;
Үй шаруасына баланы шамасына қарай қатыстыру – еңбекке баулиды. Тәрбиеші ата-аналарға қарапайым күнделікті жаттығуларды көрсетіп, оларды үйде қайталауға шақырды.
       «Қауіпсіз жол» ойыны арқылы жол ережелерін үйрету;
«Қауіпті затты тап» ойыны арқылы тұрмыстағы қауіпті заттарды ажыратуға баулу;
«Сәлем – сөздің анасы» жаттығуы арқылы мәдениетті қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Қазан айында өткізілген консультативтік пункт жұмысы ата-аналарға баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын үйретіп қана қоймай, отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейтуге ықпал етті.
Әдіскер: Жорабекова Қ.Қ