«Баланың денсаулығы – біздің қолымызда» » ГККП "Ясли-сад №78". Алатауский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№78 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 395-33-92
Әдіскер:
+7(727) 395-33-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Баланың денсаулығы – біздің қолымызда»
19
қыркүйек
2025

«Баланың денсаулығы – біздің қолымызда»

Тақырыбы: «Баланың денсаулығы – біздің қолымызда»
 Өткізілетін айы: Қыркүйек
 Өткізуші: Мейірбике
 Форматы: Консультация, ұсыным, практикалық сабақтар, мастер-класс
Мақсаты: Балалардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызын ата-аналарға түсіндіру.
«Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасының тиімділігін таныстыру.
Дұрыс күн тәртібі, қатаю, қозғалыс белсенділігі мен дұрыс тамақтанудың бала денсаулығына әсерін көрсету.
Өткізу барысы:
 (консультация)
Мейірбике ата-аналарға және тәрбиешілерге қысқаша презентация жасайды:
Салауатты өмір салты дегеніміз не?
Баланың күн режимінің рөлі
Қатаюдың қарапайым тәсілдері (таза ауада серуендеу, салқын сумен шайыну, шынығу жаттығулары)
Қозғалыс пен спорттың бала дамуына әсері
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Күн тәртібі құру – ата-аналарға үлгі кестелер беріледі, балалардың жас ерекшелігіне қарай уақытты жоспарлау үйретіледі.
Қатаю әдістері – қолды салқын сумен жуу, таза ауадағы серуенді тиімді пайдалану.
Қимыл белсенділігі – балаларға қарапайым таңғы жаттығулар көрсету.
Дұрыс тамақтану құпиялары – пайдалы және зиянды тағамдарды ажырату ойыны (суреттер арқылы).
Мастер-класс
«Дұрыс таңғы ас» тақырыбында: балалармен бірге жеміс-жидектерден «денсаулық табағын» жасау.
Ата-аналарға пайдалы мәзір ұсынылады.
 «Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасын қолдануды үйрету.
Үй жағдайында балалардың қозғалыс белсенділігін арттыру жолдары ұсынылады.
                                                     Анықтама
    Қыркүйек айында балабақшада мейірбике ұйымдастыруымен «Баланың денсаулығы біздің қолымызда» тақырыбында консультациялар, ұсынымдар және практикалық сабақтар өткізілді.
Шара барысында ата-аналарға салауатты өмір салты ұғымы, күн режимінің мәні, қатаюдың әдістері, қозғалыс белсенділігінің қажеттілігі мен дұрыс тамақтану құпиялары түсіндірілді.
Практикалық сабақтарда ата-аналар мен балалар күн тәртібін дұрыс құруды, таңғы жаттығу жасаудың әдістерін және пайдалы тамақтану үлгілерін үйренді. Мастер-класс барысында балалар мен ата-аналар бірге жемістерден «денсаулық табағын» жасады.
Сонымен қатар, «Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасы таныстырылып, оның бала денсаулығын сақтаудағы артықшылықтары көрсетілді.
Іс-шара соңында ата-аналарға пайдалы ұсынымдар беріліп, үй жағдайында қолдануға болатын қатаю мен шынығу әдістері ұсынылды.
Бұл іс-шара ата-аналардың назарын балалар денсаулығын сақтау, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, дұрыс тамақтануды қалыптастыру мәселелеріне аударып, олардың педагогикалық сауаттылығын арттырды.