4. Оқу-әдістемелік жұмыс » ГККП "Ясли-сад №78". Алатауский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№78 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 395-33-92
Әдіскер:
+7(727) 395-33-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» 4. Оқу-әдістемелік жұмыс

4. Оқу-әдістемелік жұмыс


4. Оқу-әдістемелік жұмыс

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының жылдық жоспары, ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы, базалық оқу жоспарындағы әрбір жас кезеңдеріне арналған оқу жүктемелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының ережелеріне сай жасалынған. Оқу жүктемесіне 5 білім беру саласының мазмұны кіреді: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет». Мектепке дейінгі ұйымда білім және тәрбие беру үрдісінде Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен «Білім туралы» заңына сәйкес іске асырылуда.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын қолдану барысы, балалардың денсаулықты сақтау, тілдік-     коммуникативті, танымдылық, шығармашылық және әлеуметтік құзыреттілігінің дамуына бағытталған

Жылдық міндеттемелер

Оқу жылдары
                           Жылдық міндеттемелер
2019-2020
  1. Денсаулық сақтау құзіреттілігі барысында заман талабына сай денсаулық технологияларын  қолдану арқылы қозғалу белсенділігін арттыру.
  2. Бала тұлғасын қалыптастыруда мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетін жетілдіру.
2020-2021 
  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту, сөзді дыбыстау мәдениетіне және байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту
  2. Шығармашылық құзіреттілігі арқылы балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, қиялды, зейінді, балалардың байқампаздығын және шығармашылық ойлау қабілеті мен мәдениетін дамыту
2021-2022 
  1. Шығармашылық құзіреттілігі арқылы балаларды өнер әлеміне баулу, сезімдік-эмоционалдық ортасы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен елестетуін дамыту. 
  2. Денсаулық сақтау құзіреттілігі барысында заман талабына сай денсаулық технологияларын  қолдану арқылы қозғалу белсенділігін арттыру.
Мектепке дейінгі ұйым мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын енгізу барысында, инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану жеткіншек ұрпақтың саналы да, сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады.

Мектепке дейінгі ұйымдағы аттестаттау екі этаптан тұрады: 
бірінші этап – өзін-өзі бағалау; 
екінші этап – аттестаттау комиссиясының жұмысы. 
Алғашқы бағалау мектепке дейінгі ұйымда әкімшілік, қызметкерлер және ата-аналармен іске асырылады. Өзін-өзі бағалау барысында төмендегідей жұмыстар іске асырылды: топтардың жалпы жағдайын бақылау, ата-аналармен сауалнамалар жүргізу, құжаттарды талдау, қамқоршылық кеңесіне ұсыну. Өзін-өзі ұсынудың ең негізгісі топтардың жалпы жағдайын бақылау арқылы іске асырылды. Өзін-өзі бағалау барысында күн тәртібінің сақталуы, тәрбиешілер мен мамандардың балалармен оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу барыстарында дамытушы, дидактикалық, логикалық ойындарды, ойын әдіс-тәсілдері мен ойын жаттығуларын, ақыл-ой және сөздік логикалық есептерді кеңінен қолданды. Педагогтардың күш-жігері балалардың өзін-өзі тәрбиелеуге қоршаған ортадан, табиғат құбылыстарынан, заттар әлемінен тәжірибе жасау барысында қабылдау сезімдерін оятуға бағытталған. Балабақшамызда педагог мамандардың кәсіби шеберліктерін қалыптастыруға, шыңдауға бағытталған іс-шаралар (педагогикалық кеңестер, ашық оқу қызметтері, семинар, кеңес, тренингтер) өткізіліп тұрады. Барлық педагог-мамандардың кәсіби біліктілігін көтеріп, компьютерлік сауаттылықты меңгеріп отырады. Білім беру ұйымында мамандардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне инновациялық, сын-тәжірибелік қызметке даярлау барысында әдістемелік көмектер көптеп көрсетіліп тұрады. Мемлекеттік стандартты басшылыққа алып, әдістемелік іс-шараларды өткізудің жаңаша жолдарын іздестіруді жалғастырып отырады. Білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында педагог перспективалық жоспарға сәйкес циклограмма құрастырады.

«Денсаулық» білім беру саласы бойынша жыл бойына алынған міндеттемеге сай бағдарламалық талаптар ойдағыдай өз шешімін тапты. Балалардың физикалық денсаулығының артуына бала бойына өмірлік маңызы бар шымырлық, икемділік, ептілік, қиындыққа төзімділік сияқты дене сапаларын тәрбиелеу мен жетілдіруде жүйке, сезімдік және қимыл орталықтары бір-бірімен тығыз байланысты болатындығын көруге болады. Соған  орай денсаулық білім беру саласы бойынша балабақшамызда шынықтыру жұмыстары ойдағыдай жүзеге асырылды. Мысалы, балалар мен ата-аналар арасында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі мен эстафеталық ойындар өткізілді.

«Қатынас» білім беру саласы бойынша бағдарламаның барлық бөлімдерінің ауызша қатынастың алуан түрлі құралдарын мемлекеттік тілде қарым-қатынас пен өзара іс-әрекет құруда пайдалануды, дыбыстарды анық айтуды, өз ойын толық сөйлемдер құру арқылы жеткізуге, тілдің қажетті лексикалық және грамматикалық құралдарын талдау және оларды ойындарда, сөздік шығармашылықта және іс-әрекеттің басқа түрлерін де пайдалану мүмкіндіктері меңгертілді. Тілдік даму құралдары мүмкіндігінше толықтырылды. Топтардың арасында қуыршақ театры бұрышын жинақтау барысында көрмелер ұйымдастырылып, бала тілі мен қиялын дамытуға арналған ертегілер құрылып, күнделікті оқу қызметінде қолданыс тауып отырды.

 «Таным» білім беру саласы бойынша бағдарламалық талаптарға сәйкес балалардың білім деңгейлері салыстырмалы көрсеткіш бойынша көрсетілген. Жылдық міндеттерді басшылыққа ала отырып, балаларды қоршаған ортаға қызығушылық білдіруге, алға қойылған міндеттерге жету, экологиялық білімді меңгеріп, сұрақтар қоюға, эксперимент жасауға, себеп-салдарлық байланыстар орнату дағдылары қалыптастырылды. Құрастыру бойынша іс-әрекеттегі ойды жүзеге асырып, заттарды олардың жалпы түсінігі негізінде біріктіруге және оларға ауызша анықтамалар беруге мүмкіндік жасалынды.

«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша оқу жылында балалар музыка, өнер туындылары және ұлттық шығармашылыққа өзінің қатынасын білдіруге мүмкіндік алды. Көркем құралдармен жеке көркем образдар жасауларына толық жағдай жасалынды. 

«Әлеумет» білім беру саласы бойынша барлық іс-шаралардың бағыты әлеуметтік-имандылық тәрбие міндеттерін шешу жолында мәдени кештер іс-әрекеттері арқылы шешілді. Балалар Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың салт-дәстүрлерімен танысты. Ойын-сауықтар нысандарында түрлі ұлағаттарға деген сүйіспеншілік сезімдері мен жылы қарым-қатынас сақтау қалыптастырылған. Отбасымен  біріккен халықтар достығы мерекесі, наурыз мерекелері тойланды. 
   Мамандармен жұмыстану барысында кәсіби шеберлікті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар ( педкеңестер, семинарлар, байқаулар, көрмелер, ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері, т.б. іс-шаралар) тәрбиешілердің біліктілік деңгейлерінің жоғарылауына әсер етті. Балабақшамыз аудан көлемінде, қала көлемінде, балабақша көлемінде өткізген іс-шараларға балабақша ұжымы ұйымшылдықпен белсенді жұмыстар атқарды. 
  Атап айтсақ, 2019  жылы «Мектепке дейінгі ұйымдарындағы әдістемелік жұмыстың жаңашыл қыры» тақырыбында аудан көлемінде әдіскер Кожанова Ш.А. және тәрбиешілер Иманкулова Э.К., Есжанова А.Н бірлесе отырып семинар өткізді. 
2020жылы «Жырлайды жүрек» тақырыбында Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай  аудан көлемінде поэзия кешін өткізді.
   Музыка жетекшісі балалардың жас ерекшеліктеріне сай, кесте бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп отырады. Қазақ халқының дәстүрлер мен салттар (нәрестенің дүниеге келуі, бесік той, тұсау кесер, т.б.), күнтізбелік мейрамдар, ата-аналармен бірігіп музыкалық және ойын-сауық кештері жүргізіліп тұрады. Баланың музыкалық мәдениетінің, эстетикалық талғамының, ұлттық сана-сезім, имандылық қасиетінің  қалыптасуында музыка үлкен рөл атқарады. Әр іс-әрекет бірнеше оқу қызметінде қолданылады (таныстыру, қайталау, бекіту, жаңа ән, би үйрету, т.б.), себебі музыкалық репертуар (ән таңдау, ән айту, би, аспапта ойнау, т.б.) көлемі нақты, тәрбие санына сәйкес жоспарланады. 
Аналар мерекесі, қазақ халқының ұлы күні – Наурыз, 1-мамыр халықтар достастығына арналған «Достығымыз жарасқан» атты мерекелер ата-аналармен бірігіп аталып өтті. Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың мемлекеттік стандартында қойылған талаптарды іске асыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, ашық оқу қызметі т.б. өткізілуде.
   Музыка оқу қызметі басқа пәндерден ерекшелігі – балалардың өз бойындағы өзгешеліктерді, әсемдігін, әдемілігін сезе білуге баулиды. «Ұлттық ойындар» сәтінде балалар өз бойына әдеп, дәстүр, әдетті сіңіреді. Сонымен қатар – тәртіп, әділдік, кішіпейілділік, жомарттық жайлы ата-дәстүрімізді енгізіп отырамыз. Тақырыптық ертеңгіліктер өткізгенде де, («Келді міне, Алтын күз!», «Айналайын анашым», «Кел, жаңа жыл, жаңа жыл!», «Ерліктерің мәңгілік сақталады» т.б.) балабақша мен отбасы арасындағы байланыс өте тығыз деп айтуға болады. Себебі: жас ұрпақты қазіргі заман талабына сай тәрбиелеуде ата-аналардың ықпалы зор. Ата-аналар қызметін ерекше көмекшілер ретінде тарта отырып, ата-аналар мен балабақша арасындағы байланысты нығайту арқылы келер ұрпақты еңбекке, өнерге бағыттау. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, яғни адамгершілік тәрбиесіне баулу.
  Педагогикалық ұжымды, балаларды және ата-аналарды психологиялық ағарту арқылы, сұраныс иелерінің психолог жұмысының түрлерін, бағыттарын, құқықтары және міндеттерімен таныстыру арқылы, бүкіл педагогикалық ұжымды психологиялық қызметінің жұмыс стратегияларын жасатуға бағыттау болып табылады.
   Балалармен жұмыс: баланың балабақшаға қалыптасуы, балалармен қарым-қатынасы, ата-анамен қарым-қатынасы, тәрбиешілермен қарым-қатынасы, баланың қиын кезеңдерімен жұмыс, топта психологиялық ахуалы бар баламен жұмыс, тәрбиешілермен жұмыс, әкімшілікке әлеуметтік-психологиялық көмек т.б. ата-аналармен жұмыс: жанұялық тәрбие стилін анықтау, психологиялық ағарту және профессионалдық (дәріс, әңгіме, әдебиеттер ұсыну) түзету және дамыту жұмыстарын жүргізу. Балабақша ішінде «Жол белгілеріне саяхат», «Қыс кереметтері» атты көрме өткізілді. «Құстарға қамқорлық жасайық» атты іс-шара өткізілді.
  Ата-анамен жұмыс барысында: дөңгелек үстел, кеңестер, ашық есік күндері, спорттық сайыстар, мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, «Әкем, шешем және мен», «Менің отбасым»  спорттық эстафеталық отбасылар сайысы, «Аяулы анашым» аналар арасында өткізілетін сайысы, «Әсем гүлдер» тақырыбында ұйымдастырылған көрме т.б. көптеген жұмыстар өткізілуде. 
«Денсаулық» білім беру саласы бойынша бағдарламалық талаптар ойдағыдай өз шешімін табуда. Балалардың денсаулығын қорғау, нығайту жөніндегі жұмыстар өз дәрежесінде жүргізілуде. Мәдени-гигиеналық дағдылары: жеке бас гигиенасының алғашқы дағдыларын меңгерген; гигиеналық шараларын орындау әдісін біледі; ересектер мен даярлық топтарының балалары гигиеналық шараларды өздігінен орындайды және құрдастарына көмек көрсете алады;
   Дене тәрбиесі барлық топтарда мемлекеттік стандартқа сай өткізілуде. Жаз айларында жалаң аяқ жүру, сусындар мен шырындар ішу, дене шынықтыруды таза ауада өткізу, спорттық жарыстар мен ойын сауықтар ұйымдастырылды. Мектепалды даярлық топтары «Кім жүйрік?», «Тазалықшының кеңестері», «Салауатты ұрпақ – ел болашағы», «Дәрумендер достастығы» тақырыптарында 
ашық оқу қызметі өткізілді. Сонымен қатар, 1-маусым балаларды қорғау күніне арналған «Біз бақытты балдырған» атты спорттық мереке өткізілді. 
   Өздігінен қозғалу белсенділігіне келсек, кіші топ балалары кейбір қимылдарды үлкендердің көмегімен орындаса, ересектер және даярлық топ балалары өздері орындап, спорттық жаттығуларды, әр түрлі қимыл-қозғалыс ойындарын өздері жүргізе алады. Балабақшадағы дене тәрбиесінде халық педагогикасының элементтері пайдаланылып, ұлттық ойындар ойнауға балалардың қызығушылығын арттырып отырады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттеріне сәйкес бүгін мектепке дейінгі мекемелерде инклюзивтік білім беру жүйесін жетілдіруге орай, біздің балабақшамызда биылғы жылдан бастап логопед маманы балалармен жұмысын жүргізе бастады. Балабақшада инклюзивтік білім беруге жағдайлар жасалған: пандустар,  тактильді жолдар, арнайы тазалық бөлмесі, психолог, логопед мамандарының  бөлмелері бар. Мектепке дейінгі ұйымда балаға консилиум мамандары кешенді динамикалық бақылау жасау арқылы қамтамасыз етіледі. Логопед, педгог-психолог, медбике, дене шынықтыру нұсқаушысы, топ тәрбиешісі енгізіледі. Мамандар бөбекжайға қабылданған мүмкіндігі шектеулі балаларға 2 апта мерзімінде жеке бақылау жүргізеді. Жұмыстың түзетушілік-дамытушылық кезеңінде балаға әсер ететін шаралар кешенін қарастырады. Жетекші әрекет түрін қалыпқа келтіру және жетілдіру, жеке даму кемшіліктерін түзету, яғни ерекше оқыту мен тәрбиені қажет ететін балалармен жеке дамыту, түзету жұмыстары жүргізіледі. 
  Жас мамандарға арнайы «Нүктелі массаж» түрлерімен таныстырып, «Дұрыс тыныстаймыз. Тыныс алу гимнастикасы не үшін қажет?», «Артикуляциялық жаттығулар», «Әр типтегі балалардың психологиялық ерекшелігі» т.б. тақырыптарында кеңестер жүргізілуде.

Келесі мазмұнға өту үшін мынаны басыңыз:  5.Оқу –тәрбиелік жұмыс