«Ана тілім-тұғырым! » атты көркемсөз байқауы
«Ана тілім-тұғырым! »
атты көркемсөз байқауы
Көңілді әуен ойналып тұрады. Музыка залы шарлармен безендірілген. Ортаға музыка әуенімен жүргізуші шығады.
Жүргізуші: Бәрі-бәрі керемет,
Десек тағы,
Жүрегімде шымырлайды жыр бөлек.
Осынау сәнді өмірді,
Бүлдірмейтін болашаққа таза дін керек.
Мәңгүрттіктен сақтайтұғын
Ұрпаққа ана тіл керек.
Еркін етер, еркелетер
Отан Ана , күн керек.
Адамзатқа – адамзаттан
Айналайын , Айналайын, Айналайын.
Бірақ ауыз құдіретті сөз керек! – дегендей құрметті балабақша қызметкерлері, балалар, тіл мерекесіне байланысты ұйымдастырылған көркемсөз байқауын ашуға рұқсат етіңіздер! Мерекеміз құтты болсын! Дініміз, тіліміз жоғалмай, еліміз аман болып, даламыз гүлдене берсін!
Мерекені тойлаймыз,
Ойынды біз ойнаймыз,
Тіл тағдырын ұмытпай,
Әрқашанда ойлаймыз – дей келе ортаға бүгінгі байқауымызға қатысатын бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
(Байқауға қатысатын балалар өз орындарына жайғасады)
Бүгінгі байқауымыздың әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
Жүргізуші: Отанның қасиетті тілін сүйем,
Отанның құдіретті үнін сүйем.
Отан, Отан бәрінен де биік екен,
Сондықтан да мен оны сүйіп өтем.
Ендеше, келесі кезекті балалардың тіл туралы тақпақтарына берейік.
(Балалар кезекпен топтар тақпақтарын айтады)
Ортаға мектепалды даярлық тобының қыздарын «Гүлдер» биімен қошеметпен ортаға шақырайық!!!
Жүргізуші: Ана тілім – ардағым
Арым –сенсің
Құдіретім табынар,
Бағым сенсің.
Тілім менің қорғаным,
Бой тұмарым.
Шырқалатын – арманым,
Жырым сенсің. – дей келе бүгінгі байқауымызға қатысқан бүлдіршіндерді мадақтау үшін сөз кезегін Есенова Ақбота Нұрдаулетқызына береміз.
(балаларды құттықтап, сыйлықтарын береді)
Кім сүймейді өзінің
Ана- тілін
Ешкімге ұқсмайтын
Дара – тілін
Жанға жайлы
Жүрекке жылу берген
Ол менің –
Қасиетті – Ана тілім!!!
Байқауымызға қатысқан бүлдіршіндерге көп рахмет. Әрқашан тілімізді құметтеп, ардақтап, сүйе білейік. Сау болыңыздар!
Көңілді әуен ойналып тұрады. Балалар қатармен шығып кетеді.
СОҢЫ




